Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен

Бұл бетте «Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 530
Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен...
Отыр едiм ойлар тартып әр күннен
ең асылын, ең керегiн тердiм деп...
Көтерiлген бармақтай-ақ бұлт болып
бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен.
Бiр биiктеп, қайта кенет төмендеп,
қимылдасаң зәр уымды төгем деп,
сол жүректiң көлеңкесi бұлт болып
тұрып алды көз алдымда көлеңдеп.
Кеудемдегi үмiтiмнiң құстары
көлеңкеден қорықты ма, ұшпады.
Мүмкiн емес
көлеңкенi өлтiру,
мүмкiн емес
көлеңкенi ұстауың.
Тұрып алды кеңiстiкте асылып
Мен отырмын өз-өзiмнен ашынып.
Қара ниет қатыгездiк өз жанын
қойды ма екен көлеңкеге жасырып.
Аттым оны
жебе – нұрды ап келiп.
Жiбердi ол көлеңкенi қақ бөлiп.
Қара қошқыл түтiн ұшты...
қарадым
дәл жанымда бiр қарақұрт жатты өлiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері