Қарға мен түлкі
Бұл бетте «Қарға мен түлкі» атты Ыбырай Алтынсарин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ашылып түлкі жүрді жапандарда,
Тамақ іздеп жол шекті сапарларға...
Ешнәрсені көре алмай келе жатса,
Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.
Жүгіріп түлкі соған жетіп келді,
Қарға ағаштың басында мұны көрді.
Тістегені аузында тәтті ірімшік,
Оны көріп түлкі - екең сөйлей берді.
«Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын.
Сырттан халқаң тілейді барша халқың.
Қарға әніңдей әуез жоқ деп.
Осылайшы шығады сыртқа даңқың.
Сандуғаш, бұлбылдарды көріп едім,
Жүзіңді бір көруге келіп едім,
Даусыңды бір шығаршы шаттанайын,
Сырттан асық болғаннан өліп едім».
Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып,
Екі көзін қарғаға қылмаңдатып.
«Қарға тақсыр, көз жасым көріңіз»,- деп,
Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып.
Масаттанып бұл қарға сілкінеді,
Ішін тартып миықтан бір күледі.
«Арып - ашып алыстан келген шығар,
Көңілі тынып кетсінші, шіркін», - деді.
Мақтау сөзге семіріп, судай тасып,
Пәрменінше « қарқ » етті аузын ашып;
Қарқ еткенде, ірімшік жерге түсіп,
Оны кетті түлкі - екең алды қашып.
Жаксы оте керемет
Алтынсаринның тагы баска олендери көп болса
Алтынсариннің өлеңдері көп қой, автордың есімін басу керек
Күшт
Оте кызықты
Өте әдемі өлең
Гажап олендер
Будан да коп олендеры бар болса керемет болар еди
күшті бірақ басқа өлеңі бар болса күшті болар ед
маған ұнады)))
Бірақ өлендері аз екен
ыбырай алтынсарин өлеңдері күшті екен
Керемет өлеңдер
Керемет ғажап сөз жоқ
Кушти шыгарма
оте керемет
оте тамаша
Ыбырай Алтынсарин атамызға көп рахмет , өте жақсы мəнді де, мағналы ♡♡♡
Өлеңдер күшті екен
Керемет. Əдемі. Қызықты
Маған Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері қатты ұнайды!!!!
жай таңқаларлық
Өте жақсы керемет
Өте жақсы
Сәлем мен есімім Аружан маған мына өлеңдер ұнады өзім жарысқа қатысқам ұттым сенің жазғанына Рахмет айтпесе ұтпас едім♥♥
оқи бергің келеді...оқи бергің
Күшті рахмет
К од кукол
Отец керемеит
Саған көп рахмет қатты көм тестін
вп
«Қарға мен түлкі» — қазақ әдебиетінің классигі Ыбырай Алтынсарин жазған туынды. адамдарға дайын мақтау сөздерге сенбеуге, өзіңнің дұрыс шешіміңді сақтауға шақыратын өлең. Кейде шынайы қабілет пен ақыл‑ой мадақ‑мадаққа салынып, оңай жоғалып кетуі мүмкін. Шығарма оқырманға қазақ әдебиетінің кішкентай мысалдары арқылы терең ой салу қабілетін көрсетеді. Бұл — балаларға да, үлкендерге де маңызды өмірлік сабақ болуы мүмкін.
Бұл өлеңде мақтауға тез сеніп қалған адам‑қарға бейнесі мен тіл таба білген аң‑түлкінің айлакерлігі көрсетіледі, әрі оқырманға надан ныспы мен жалған сөзге алданбау керек деген өмірлік сабақ береді.