Домбыра – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Домбыра» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 853
Саздар iздеп жұлдыз, бұлақ, қайыңнан,
аспандағы құстың даусын қайырған,
төзiмдi илеп,
сезiмiңдi үгетiн
толғақ жатыр домбыраның бойында.
Толғақ жатыр –
толқытатын дананы,
толғақ жатыр –
толқытатын даланы.
Құрсағындай аяғы ауыр ананың
шермиiп тұр оның қара шанағы.
Мұң шыққанда қайғылыдан, зарлыдан,
жыр шыққанда ождандыдан арлыдан,
тыңдап бәрiн
саздарына тiрлiктiң
жүктi болған менiң қара домбырам.
Дiрiлдесе –
суық ойдан тоңғаны,
күбiрлесе –
қанатының талғаны,
осылайша күлiп, қайта жылаған
басталады оның ендi толғағы.
Жаныңды жеп,
өн бойыңды аралап,
қан тасытып,
жүрегiңдi жаралап,
толғақ қысқан менiң қара домбырам
ақырында үн туады ғаламат.
Үн туады ол,
үн туады безiлдеп,
сөз слкiнтiп,
ой тұтатар көзiнде.
Үн туады ол,
үн туады безiлдеп
әрең шыдап тұрар сабыр, төзiм де.
Жұлдыз тамып,
өткiрленер орақ ай.
Үн шалқиды ештеңеге қарамай.
Бiтер сонсоң,
жатар сұлық домбырам
жаңа ғана босанған бiр анадай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыра өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Домбыра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбыра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері