Көктем неге жатыр екен кешiгiп?! –
Темірхан Медетбек
Бұл бетте «Көктем неге жатыр екен кешiгiп?!» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген.
Көктем неге жатыр екен кешiгiп?!
Қарай берем түстiк жаққа тесiлiп.
Той-думанын, тiршiлiгiн бастамай
көктем неге жатыр екен кешiгiп?!
Ызғар қысып тұр ғой жерден, көктен де.
Тiршiлiксiз тау мен дала, бөктер де.
Кешiксе де жылдың басқа мезгiлi
кешiгуге болмайды ендi көктемге.
Кешiккенi несi екен бұл «құрғырдың»
Жүрегiмдi ызғары ұрып тұр мұңның.
Бiр махаббат тамыр салып үлгермей,
бағы ашылмай қалар ма екен бiр гүлдiң.
Тойға ұласар күндерiмдi той қылмай,
көктемсiз мен қалай жүрем қайғырмай.
Айтылуға тиiстi сөз көктемде
қалар ма екен,
қалар ма екен айтылмай.
Алтын күрек соғатұғын есiлiп,
қарай берем түстiк жаққа тесiлiп.
Қырға шығып бiлейiншi мен ендi
көктем неге жатыр екен кешiгiп?!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі