Ұшып келе жатқан қаздар
Бұл бетте «Ұшып келе жатқан қаздар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзiн алмай қарап қалды үзiгiп,
бар тiршiлiк,
бар табиғат қызығып, –
су-су етiп ұшып, әне келедi
аппақ қаздар аспанменен тiзiлiп.
Бiр ыстық леп шарпып менiң бетiмдi,
жап-жарық боп бара жатты екiндi.
Ұшып келе жатқан қаздар аспанда
аппақ гүлдер,
аппақ гүлдер секiлдi.
Бiр ыстық леп шарпып менiң бетiмдi,
жап-жарық боп бара жатты екiндi.
Ұшып келе жатқан қаздар аспанда
аппақ әндер,
аппақ әндер секiлдi.
Бiр ыстық леп шарпып менiң бетiмдi,
жап-жарық боп бара жатты екiндi.
Ұшып келе жатқан қаздар аспанда
аппақ шамдар,
аппақ шамдар секiлдi.
Бiр ыстық леп шарпып менiң бетiмдi
жап-жарық боп бара жатты екiндi
Ұшып келе жатқан қаздар аспанда
аппақ сөздер,
аппақ сөздер секiлдi.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі