Жаз
Бұл бетте «Жаз» атты Ыбырай Алтынсарин жазған табиғат туралы өлең берілген.
Сәуірде көтерілер рахмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы...
Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нұрдың буы.
Жақындар Құдайымның көктен күні,
Тең болар жарлықпенен күн мен түні.
Аспаннан рақымменен күн төнгенде,
Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны.
Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша,
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.
Шапақтан бұлты шығар мұнарланып,
Жаңбырлы күндер түсер тұманданып.
Адамзат нәр ауасын судай жұтар,
Шол тартқан айуандарша құмарланып.
Жетпеген үлкендікке жас балалар
Жүгірер ойдан-қырға жұмарланып...
Сәуірде алуан-алуан жауар нөсер,
Нөсердің қуатымен жер шөбі өсер.
Көкорай дүние жүзі шалғын болып...
Жан, айуан, адамизат бауырын төсер.
Жан-жәндік рахат тауып тұру үшін
Ұшпақтан хош иісті желдер есер.
Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,
Құдайым дәрмен бол деп етер пәрмен.
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ел шығады алуан-алуан.
Күлісіп, құшақтасып әзіл етер,
Әйелдер қош жөнелтіп кейін қалған...
Жүгірер киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға.
Алыстан мұнарланған сағымдары
Шақырып тұрар күліп кел деп мұнда.
менин пикирим бойынша бул атамыздын олендеры Маган катты унайды
ОТЕ КЕРЕМЕТ МАГАН КӨП КӨМЕГИ ТИДИ ƏСІРЕСЕ АНАНЫҢ СҮЮІ ОЛЕНИ КАТТЫ УНАДЫ
спосибо всем
Маган барлык өлендер унады
Маган өте ұнады
Маган унади.Оте кушти жазган.
маган оте катты унады
рахмет
рррррааааааххххмммммеееееетттт
Маган Ананы суюі өлеңі катты унады
оте керемет
Өте керемет.Маған көмегін көп тигізді. Еді Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін жаттап жүретін боламын.
Керемет.Енді біліп жүретін боламын.
Менін пікірім өлендердін бәрі ұнайды
Улпан фамилиян қандай
,?
Жаксы), типти керемет
кушты жаксы шыгарган
Ote keremet
көп көп рахмет
Жаз деген өлеңі жаз туралы емес сәуір айы жайында ғой бұл кімнің қателігі? Босқа уақытым зая кетті
өтте керемет өлен маған ұнады
зор жазған
басқада өлеңдері барма
Осы өлең 9-10 сыныптарға барама?
Өте жақсы! Маған керегі осы еді.
Өте жаксы
Маған абайдың өлеңдері қатты ұнайды
Маған жаз деген өлеңі ұнады
Өте керемет өлең
Маған бұл өлең қатты ұнады достар!!!
Керемт
Маган бул олендерынын ышындегы озен олены унады.Осы оленды айтып жарыста бас жулде аламын деп умыттенемын.
Керемет
тамаша
Ұнады
Жаз өлеңі ұнады
Мен Ы Алтынсаринын 15 өленің жаттап жатырм
Маған. Жаз. Мезгілі ұнайды
Ыбырай Алтынсаринның «Жаз» өлеңі дала мен табиғат көріністерін көркем тілмен жеткізеді. Өлеңдегі әсемдік пен жылылық оқырманға рухани әсер сыйлайды.