Азалы үйде болған оқиға туралы ой – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Азалы үйде болған оқиға туралы ой» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 691
Ажал-сұмның түсiп суық назары,
таусылды ғой тағы бiр жан базары...
Азаматсыз қалған ендi мынау үй
қайғы, мұңнан қара киген азалы.
ағытып бар iштегi зар тиегiн
өртке айналып өртенемiн, күйемiн.
Мынау зарлы,
мынау сұмдық жоқтаудан
үгiтiлiп бара жатыр сүйегiң.
Көрiп тұрып –
жоқтау айтқан ананы,
көрiп тұрып –
зар илеген баланы
ел мен жұрттың, туысқанның жиылған
түн сияқты тұнжырайды қабағы.
Көмей бiтiп шығара алмай үндi өзге
қорғасын-жас балқып, ерiп тұр көзде.
...Жұрттың бәрi отырғанда тұнжырап
әлдеқандай дауыс шықты бiр кезде.
Әлдеқандай дауыс шықты оқыс бiр
Сол дауыста шатағы бар шатыс тұр.
оған қарсы шықты басқа бiр дауыс,
ол дауыста тұрған-сынды атыс бiр.
Сол дауыстар бiрiн-бiрi тұр шатап...
(әлдекiмдер тұра қашты мұрсат ап).
Шықты сонсоң анау жақтан бiр шатақ,
шықты сонсоң мына жақтан бiр шатақ.
Шатақ сөздер тұра ала ма қауламай,
Бәле, жала сан тұстан кеп саулады-ай.
Азалы үйдi астан-кестен еттi ендi
қара құйын,
қызыл көздi дау-дамай.
Оны көрсең тiк тұрады шашыңыз!
Беттен қақты кәрiмiздi жасымыз.
...Ең болмаса қасiреттi күнде де –
құдайым-ай! – пiспей қойды-ау басымыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азалы үйде болған оқиға туралы ой өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Азалы үйде болған оқиға туралы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азалы үйде болған оқиға туралы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азалы үйде болған оқиға туралы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері