О, Махамбет, пірім-ай! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «О, Махамбет, пірім-ай!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1889
О, Махамбет, батырым,
әулием,
пiрiм,
ақыным, –
аруақ, жан мен рухым,
қандасым,
туыс –
жақыным!
О.Махамбет батырым.
Желеп сен, жебеп қолдашы,
қолдашы менi,
қорғашы.
Шайқалып тұр ғой,
шайқалып
қазақтың қалың ордасы.
Талықсып жатыр бүгiнде
дiнiм де,
дiлiм,
тiлiм де.
Өшiп бiр кете жаздап тұр
арыстан дауыс үнiм де.
Талқаны шыққан тойым-ай!
ойраны шыққан ойым-ай!
Керек боп тұр ғой рухың
кескектi ердей сойым-ай!
Дүние мейлi түнерсiн! –
Қайратың
сенiң айбатың
желеп бiр менi жiберсiн.
Бiлмеген мұны пақыр ғой –
жармасып бүгiн жағаға
жағадан алып жатыр ғой.
Көңiлiм менiң ортайды,
жанымнан нұр мен әр тайды.
Бөлiп ап Ертiс,
Есiлдi
ап кетпек ендi Алтайды!
Лақтырған қарап тасына –
жасыма жүрек,
жасыма!
Асымды iшiп кезiнде
теуiп те тұр-ау басыма.
Қолдашы, кәне, бүгiн-ай,
О, Махамбет, пiрiм-ай!
Қуат пен қайрат бер маған –
Атырау болып долданам,
Алатау болып толғанам,
Маңғыстау болам зарлаған,
Сарыарқа болам сарнаған,
қуат пен қайрат бер маған!
О, Махамбет, пiрiм-ай,
Қолдашы, қане, бүгiн-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, Махамбет, пірім-ай! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

О, Махамбет, пірім-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, Махамбет, пірім-ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, Махамбет, пірім-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері