Қолшатыр астындағы адам және уақыт туралы ой

Бұл бетте «Қолшатыр астындағы адам және уақыт туралы ой» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 753
Қара жаңбыр.
Қала iшi.
Құйған саулап ағынды-ай!
Қолшатырға қарашы
өрмекшiнiң торындай.
Түсiп әуре-сарсаңға,
шалқып бiрде мұңданып, –
адам бейне сол торға
қалған сынды шырмалып.
Барады әне жырақтап,
Қара жаңбыр тасқында...
Бұл сурет қой
бiрақ та
мағына бар астында.
Адам деген жарықтық
түсер келiп сорына –
уақыттай қауiптi
өрмекшiнiң торына.
Мұны бiрақ ұға алмай
күйiп-жанып кетедi! –
Сол бiр тордан шыға алмай
жанталасып өтедi...
Жияды адам қуатын
құтылам деп сорынан...
Қара өрмекшi уақыт
жiбермейдi торынан!
Шырматылып, шатылып,
төгiледi шер болып...
Кетер сонсоң
ақыры
Уақытқа жем болып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолшатыр астындағы адам және уақыт туралы ой өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қолшатыр астындағы адам және уақыт туралы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолшатыр астындағы адам және уақыт туралы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолшатыр астындағы адам және уақыт туралы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері