Күн сайын мен өлемiн – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күн сайын мен өлемiн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 535
Күн сайын мен өлемiн!
Ел-жұрт оны бiле ме?!
Дей көрме сен дер едiм:
Өлген – өмiр сүре ме?
Қалай ұқсаң,
солай ұқ,
күн сайын мен өлемiн,
жүре-тұғын қарайып,
сүлдерi бар денемiн!
Тексiз,
әңгi есектер
бiр жағымнан ақырып,
жала,
жалған
өсектер
зәрлi сөзiн сапырып,
Сойылдарын көтерiп
зорлық пенен зомбылық,
адасу мен қателiк
үмiтiмдi солдырып,
онсыздағы езiлген
жүрекке у тамызып,
қатыгездiк көзiмнен
қара қанды ағызып, –
тiлек,
ойды жаңқалап,
қатер,
бәле келтiрер –
бәрi-бәрi анталап
күнде менi өлтiрер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн сайын мен өлемiн өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күн сайын мен өлемiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн сайын мен өлемiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн сайын мен өлемiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері