Сауда

Бұл бетте «Сауда» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1196
Өңiм түгiл,
түсiмде.
Қан жыладым,
зарладым.
Қалған-сынды
iшiнде
бар дүние сауданың.
Саудада әзiр сөзiм де,
шыдам,
сабыр,
төзiм де!
Атылас пен бөзiм де!
Ақыл, парық,
сөзiм де! –
Бәрi сауда, көз iлме!
Ақшалыны қаумалап,
ұмытқан жұрт бауырды.
Бiреу келiп
саудалап
сатып алды дауымды.
Шыдай алмай шерiме
Жан-жүрегiм жыртылған.
Саудаға сап,
менi де
сатып жатыр сыртымнан.
Құжынаған жүр адам
алаң,
көше,
аулада –
салды сонсоң бiр адам
туған жерiн саудаға!
Жоқ нәрсенi даулаған
бұл дүние талмай тұр.
Мынау сұмдық саудадан
зәре-құтым қалмай тұр!
Адамдардың құлқыны
айналған сұм қамбаға, –
түсетiндей бiр күнi
азаттығым саудаға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сауда өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сауда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сауда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сауда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері