Аластау – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Аластау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1042
Шалғынымды шаң қылып,
жайлауымды жандырып, –
жұмағымды жайқалған
айналдырған тозаққа;
құнарымды май бөккен
салған зұлмат азапқа;
айналаны азан қып,
аймағымды тозаң қып –
бөрлiктiрiп күн-түнi
дүбiрiмен дүбiлiс –
менiң байтақ Жерiмде
бүлiк сап жүр Iбiлiс.
Арқам қозып мен сонда, –
бүкiл тұла бойыма
қырық пышақ салдырып,
қырық ине түйретiп;
салдыр-гүлдiр шулаған
қара шынжыр сүйретiп;
бұжыр қара тастардың
бекiнiсiн күйретiп;
оң қолыммен оқ кезеп,
сол қолыммен от көсеп;
айбаттанып ақырып
аруақтарымды шақырып;
көбiк шашқан аузынан
бураларға таптатып,
аспанымнен қап-қара
бұлттарды қаптатып;
өрт тигiзiп шашына,
жай түсiрiп басына –
тұла бойы тұратын
ажал менен өлiмнен
аластаймын осылай
Iбiлiстi жерiмнен.
Асылымды аздырып
ардағымды тоздырып;
құлға балап арысты
аяққа сап намысты;
қорлығы мен зорлығын
күннен-күнге үдетiп;
береке мен байлықты
жүндей түтiп жүдетiп;
көрген күндi азап қып,
абыройды мазақ қып
қара бәле жармасты! –
Қос өкпеден тепкiлеп
иығына елiмнiң
мiнiп апты Албасты.
Арқам қозып мен сонда, –
бүкiл тұла бойыма
қырық пышақ салдырып,
қырық ине түйретiп;
салдыр-гүлдiр шулаған
қара шынжыр сүйретiп;
бұжыр қара тастардың
бекiнiсiн күйретiп;
оң қолыммен оқ кезеп,
сол қолыммен от көсеп;
айбаттанып ақырып,
аруақтарымды шақырып;
көбiк шашқан аузынан
бураларға таптатып,
аспанымнан қап-қара
бұлттарды қаптатып;
өрт тигiзiп шашына –
жай түсiрiп басына
құтырынып, құбылып
басқан келiп белiмнен, –
аластаймын осылай
Албастыны елiмнен!
Сонан кейiн мен ендi
жын-перiсiн, шайтанын
қалып қойған шашылып, –
көшiремiн жиып ап
Алатаудан асырып!
Одан қалып қойғанын
пәлекет деп басқа ұрып,
өлiмшi етiп тасқа ұрып –
тастаймын ғой бiржола
Қаратаумен бастырып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аластау өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Аластау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аластау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аластау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері