Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн

Бұл бетте «Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 815
Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн,
таусылмаса бiтпегенi жарығың.
Өмiр қысқа деп ойлайды –
кiм болсын –
жиырма, мейлi,
жүз жасасын бәрi бiр.
Жазылмас ед тiрлiк жайлы өлең де,
суыр едi, махаббат та денең де.
Өзге түгiл,
өзi үшiн күреспес
өмiр ұзақ деп ойласа егер де.
Өмiр қысқа болған соң ба,
арқамыз
ауыр жүктен қайысқанша артамыз.
өмiр қысқа.
Сондықтан да тiршiлiк
алыс-жұлыс,
шалыс-шайқас,
арпалыс.
Содан ба екен бiр жалыңдап, бiр өшiп,
жатыр бәрi тайталасып, тiресiп, –
жүйрiктердей жүз метрге жүгiрген
секундтардың бөлiгiнде күресiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері