Мен атылған күн

Бұл бетте «Мен атылған күн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 720
Менi сөзбен атып кеттi бiр адам.
Ұшып түстiм.
Ендi қалай тұра алам.
Қадалған кеп оқ сияқты сол сөзден
арман құлап,
үмiт құсым жылаған.
Сол оқ-сөзден мың күйзелдiм,
мың сынып.
Қан жылаған ойым қалды тұншығып.
тiлек тұрды –
тұнжыраған күрсiнiп,
жүрек тұрды –
тыжырынып түршiгiп.
Сезiмiмнiң сергек,
ашық алаңы,
ойларымның мұңлы,
қалың алабы,
өлеңiмнiң қоңыр салқын самалы –
сол оқ-сөзден бәрi, бәрi қаралы.
Сол оқ-сөзге қалай табам өлшемдi? –
Қаратаудай төзiмiм де теңселдi.
Құм сияқты үгiтiлiп жiгерiм,
көтере алмай қалдым сонсоң еңсемдi.
Дәл сол күнi қол бермедi ешкiм де!
Сол оқ-сөзден бiттiм,
сөндiм,
өштiм бе?!
Дәл сол күнi жала менен өсектер
қарға болып қаптап ұшты үстiмде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен атылған күн өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мен атылған күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен атылған күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен атылған күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері