Бұл бетте «Мен атылған күн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менi сөзбен атып кеттi бiр адам.
Ұшып түстiм.
Ендi қалай тұра алам.
Қадалған кеп оқ сияқты сол сөзден
арман құлап,
үмiт құсым жылаған.
Сол оқ-сөзден мың күйзелдiм,
мың сынып.
Қан жылаған ойым қалды тұншығып.
тiлек тұрды –
тұнжыраған күрсiнiп,
жүрек тұрды –
тыжырынып түршiгiп.
Сезiмiмнiң сергек,
ашық алаңы,
ойларымның мұңлы,
қалың алабы,
өлеңiмнiң қоңыр салқын самалы –
сол оқ-сөзден бәрi, бәрi қаралы.
Сол оқ-сөзге қалай табам өлшемдi? –
Қаратаудай төзiмiм де теңселдi.
Құм сияқты үгiтiлiп жiгерiм,
көтере алмай қалдым сонсоң еңсемдi.
Дәл сол күнi қол бермедi ешкiм де!
Сол оқ-сөзден бiттiм,
сөндiм,
өштiм бе?!
Дәл сол күнi жала менен өсектер
қарға болып қаптап ұшты үстiмде!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі