Өртеніп жатқан ағаш – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өртеніп жатқан ағаш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 584
Сұмдыққа мынау бастаған
қалайша жаның жылымас, –
найзағай түсiп аспаннан
өртенiп жатты бiр ағаш.
Айырылып жатты қақырап,
бойдағы тiрлiк, қуаттар, –
пышырлап жанды жапырақ,
шатырлап сынды бұтақтар.
Бұрқанып жұмбақ күй ақты
жел тұрды сонсоң азынап, –
қып-қызыл сөздер сияқты
қып-қызыл шоқтар шашырап.
Сол өрттен мен де шоқ алып
сезiмге түстiм аралас.
Қып-қызыл отқа оранып
өртенiп жатты сол ағаш.
Қозады тұтас арқамыз,
тұла бой түгел дүбiлiс, –
не деген –
сұмдық арпалыс,
не деген –
сұмдық құбылыс.
Суретке мынау тұншығып,
бiр ысып,
суыр денем бұл.
Өртенiп жатыр тiршiлiк,
өртенiп жатыр өлең-жыр.
Өртенiп жатты сол ағаш
шатырлап сынып, –
апырым-ай! –
тiрлiгi тартыс,
жағалас
өртенiп жатқан ақындай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өртеніп жатқан ағаш өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өртеніп жатқан ағаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өртеніп жатқан ағаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өртеніп жатқан ағаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері