Қораз таластыру

Бұл бетте «Қораз таластыру» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 521
Бұл жекпе-жек тоқтамас
Тұрсаң да сен жат көрiп...
Бiрiн бiрi қос қораз
Жiберердей қақ бөлiп.
Мойындары иiлiп,
Құйрықтары бүгiлiп, –
Алған олар түйiлiп,
Кеткендей-ақ түңiлiп...
Қарай алсаң,
Қарап қал! –
Көкке айналып кеткен бе?..
Лап етедi қанаттар
Бiрiн-бiрi тепкенде.
Дүрлiгедi алқа да
Ақыл-ойдан адасып.
Жатқан-сынды
Ортада
Қызыл өрттер таласып.
Көрiнедi жан көзге
Сартылдайды тұмсықтар, –
Кетедi ғой сол кезде
Қос айдардан ыршып қан.
Лапылдайды от құсап!
Майдан қайнап, қызады, –
Қып-қызыл бiр шоқ құсап
Қауырсындар ұшады.
Өш пен кектi ұққызып
Ұмтылады жан жалдап...
Төгiледi қып-қызыл
Тұла бойдан қан саулап.
Ессiз, мәнсiз қыжылдан
Жұрт шулайды қызынған.
Қораздар да қызыл қан,
Қара жер де қызыл қан...
Ұмытып бар өзгенi,
Тұрған мынау анталап, –
Адамдардың көздерi
Бара жатыр қанталап!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қораз таластыру өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қораз таластыру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қораз таластыру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қораз таластыру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері