Өлең сыйлаған адам – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өлең сыйлаған адам» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 756
Шабаз Иманәлиевке

Бiрде күлiп,
ендi бiрде жылаған,
бiрде батқан,
бiрде арылған күнәдан!
Шапан да емес,
атан да емес,
зат та емес,
Өлең маған сыйлады әкеп бiр адам.
Сол бiр өлең жан-жүректiң ырқын ап,
кеттi дейсiң асаулық боп жұлқып-ақ.
Сол өлеңнен,
сол өлеңнен, апыр-ай,
тұрды дейсiң жусан иiсi бұрқырап.
Сезiлдi одан –
тiршiлiктiң арыны,
Сезiлдi одан –
тiршiлiктiң ағымы.
Соғып тұрды сол өлеңнiң бойында
бүлк-бүлк етiп тiршiлiктiң тамыры.
Аулақ едiм дабыра мен дүбiрден.
(Дабыра мен дүбiрлерден түңiлгем).
Сол өлеңнiң саздарынан есiттiм
Жел мен жаңбыр
Жапырақтардың үнiн мен.
Сол өлеңнен жақын болып алысым,
Толқынданып шыға келдi ағысым.
Сол өлеңнен есiттiм мен
халықты
қан қақсатқан қасiреттiң дауысын.
Өткенменен отты кезең
жалын шақ,
қаласақ бiз,
кете аламыз дабыл сап.
Өсiп шықты жусан құсап ап-ащы
сол бiр өлең жүрегiме тамыр сап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең сыйлаған адам өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өлең сыйлаған адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең сыйлаған адам өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең сыйлаған адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері