Сара апайдың Сапашы

Бұл бетте «Сара апайдың Сапашы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2757
Ертеменен далаға
Ешкіні айдап тастайды,
Сосын Сапаш қалаған
Ойынын бір бастайды.
Айналадан, өңірден
Іздемей-ақ еш кісі,
Келеді өзі іңірде
Сара апайдың ешкісі.
Келгенменен ешкісі,
Келмейді үйге Сапашы.
Оны ойыннан кешкісін
Келеді айдап апасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сара апайдың Сапашы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сара апайдың Сапашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сара апайдың Сапашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сара апайдың Сапашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері