Махаббат – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Махаббат» атты Қадыр Мырза Әли жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 3
  • 23652
Махаббаттың көп елге үлгі етері,
Мұны ұқпайды кеткендер теңге теріп.
Қара жерге тимейді кейде аяғың,
Қолтығыңның астынан жел көтеріп.
Бұл махаббат қызыңа,
Еріңе сын.
Бір берілсең өлердей берілесің.
Өзің жерде болғанмен,
Ойың көкте,
Ұшып жүрген сияқты көрінесің.
Бұл махаббат өзгеге, өзіңе сын.
Бірақ кімге, мәселе, кезігесің?!
Періштеге жолықсаң,
Сен өзіңді
Ақ қанатты періште сезінесің!
Жолықпасаң,
Ортайып тағат-құты,
Қамығасың күн күтіп,
Сағат күтіп,
Махаббаттың айында,
Адам түгіл,
Құрт-құмырсқа ұшады қанат бітіп.


Пікірлер (3)

Арайка

Керемет Мен жақында Қдір Мырза Əлі ақынның жарысына бармақшымын осы жерден уйрендім өлендерди маған сəттілік тілеп қойыңыздар

Арука

Мен Қадыр Мырза Əлінің өлеңдеріне жарысқа барамын.Өлеңдері өте тамаша мəн мағыналы керамет өлеңдер

Айзере

Маған ұнады Қадыр мырза әлі нің өлеңдері қуаныш толы болды

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері