Маскүнем

Бұл бетте «Маскүнем» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 716
Арақты –
Көк теңiзде жүзгендей! –
Жүзiп iштi.
Албастыдай арқырап,
Жын сияқты бұрқырап
Қызып iштi.
Шөлден кенезесi кепкендей
Жұтынып iштi.
Сабалақ жүндi сайтандай
Құтырып iштi.
Арын арбап iштi
Жанын жалдап iштi.
Теректей тiп-тiк азамат
Қисалаңдап
Теңселiп кеттi.
Таудай биiк азамат
Шөмейiп
Жер шөгiп кеттi.
Қылыштай өткiр,
Құрыштай берiк жiгiтiм –
Былжыраған! –
Бiр шайнам
Сағызға айналды.
Қыпшақ пен
Оғыздың ұрпағы,
Қорқыттай зарлы
Қобыздың ұрпағы,
Асанқайғыдай
Абыздың ұрпағы, –
Дөңкиiп
Шалшықта жататын
Доңызға айналды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маскүнем өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Маскүнем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маскүнем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маскүнем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері