Зауал – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Зауал» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 666
Отырды қарт аула iшiнде,
көктемде.
Мойынсұнған уақыт деген өктемге.
Отырды қарт таяғына сүйенiп,
ой жүгiртiп өткен менен кеткенге.
Оймен кезiп сан жылдардың жырасын,
отырды ғой iздегендей сыр асыл.
Ойға шомып отырды да,
бiр кезде
есiне алды қылмысты бiр күнәсiн.
Бiрақ та ол кеткен жоқ қой сұрланып,
кеткен жоқ ол не бiр налып,
мұңданып!
Есiне алды, керiсiнше,
күнәсiн,
iлтипатпен,
ықыласпен нұрланып.
Күнәсiн ол есiне алды шаттанып,
өзiне өзi риза болып мақтанып.
Кеудесi оның сол мақтаныш,
шаттықтан
тұрды дейсiң жарылуға шақ қалып.
Сол бiр кезде –
О, құдiрет! Жасаған! –
Назарыңнан кiм қалыс қап,
қаша алар.
Басқа түрге енiп бара жатты ғой
күнәсi үшiн мақтанған сол мас адам.
Ап-анық күн кенет тартып бұйығы
жүрiп өттi әлдененiң құйыны, –
сол адамды бара жатты сығымдап
көк темiрге айналды да киiмi.
Дегендей-ақ:
көрмегендi көресiң! –
ап кетердей одан тiрлiк елесiн,
көк темiрге айналды да киiмi
сығып бара жатты бүкiл денесiн!
Жаратқанның құдiретi қақты оны.
Iздеп жүрiп қарғыс оғы тапты оны, –
ал таяғы сұр жыланға айналып
сумаң қағып,оратылып шақты оны...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зауал өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Зауал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зауал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зауал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері