Билікқұмар – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Билікқұмар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1049
Ұлы дала,
сахара төсiндегi,
көш бастаған керуен-көшiмдегi,
үлкен, үлкен Ақыл-ой,
кешiр менi,
үлкен, үлкен Парасат кешiр менi!
Жүргем талай қия-құз
ұшпаменен,
айырамын биiктi қысқаменен.
ақылы бар,
парасат,
пайымы бар
азаматқа қас емен,
дұшпан емен!
Қай уақытта көрсең де жидiп тұрар,
ой-санасын,
болмысын құл қып тынар,
жанын жалдап ұятын,
арын сатқан
билiкқұмар жан көрдiм,
билiкқұмар.
Елеместен күнiңдi шұғылалы
билiктi ойлап сiлекей шұбырады.
Билiктен соң билiкке жетем деумен
есi кетiп емiнiп құнығады.
Бал-шырынын билiктiң татсам дейдi,
қызығына күн-түнi батсам дейдi,
дүниенi төрт бүктеп алып ұрып
аяғымның астына бассам дейдi.
Қарамайды ол –
жатсаң да сорға батып,
у төгедi сөзiнен сорғалатып.
Азамат қып аялап,
адам еткен
қойсам дейдi елiмдi жорғалатып.
Зәрезап боп ел одан безектеген,
залым, қу ол адымын есептеген.
Қаруланған,
мұздай боп қаруланған
Жалған-жала,
өтiрiк-өсекпенен.
Дей көрмешi:
онымен жарасып ең
Дей көрмешi оған сен:
адасып ең!
Өсегiмен өртейдi жүрегiңдi,
күйе жағар бетiңе жаласымен.
Қарамайды ол жасыңа,
кәрiңе де,
қарамайды ол босаға,
төрiңе де.
Көгергендi түбiнен көктей жұлып,
зәрiн шашып тұрады бәрiне де.
Құдайым-ау! Ең сорлы,
ең азабы, –
ертеңiме бүгiн ол көр қазады.
Осы бiр жан билiкке келмесiн де,
келсе егер де –
жер тозып,
ел азады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Билікқұмар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Билікқұмар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Билікқұмар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Билікқұмар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері