Айрақты
Бұл бетте «Айрақты» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нұрниязға
Айбатын беретұғын айбаттыға,
қайратын беретұғын қайраттыға,
ғажайып ғимарат боп көз арбаған
сен өзiң барып па едiң Айрақтыға?!.
Қарасаң –
көз тоймайтын келбетiне
әлем ол өсiп шыққан жер бетiне.
Түп-тұтас туа қалған –
таң қаласың –
тастардың сән-салтанат сәулетiне!
Қарасаң –
ала-алмайсың жанарыңды-ай!
Осынша Дана ма едi Дала мұндай?!
Тұрады ол көзiңдi арбап
қиялдағы
шах пенен патшалардың сарайындай.
Сұлулық көрем одан –
ән-ғұмырдай.
Сұлулық көрем одан –
таң нұрындай.
Сәулетшi көрген жоқпын дүниеде
Маңғыстау Желi менен Жаңбырындай.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі