Балғожа бидің баласына жазған хаты
Бұл бетте «Балғожа бидің баласына жазған хаты» атты Ыбырай Алтынсарин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балғожа Жаңбыршыұлы (туған жылы белгісіз - 1860) - би. Ыбырай Алтынсариннің атасы. Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Ұзын руынан шыққан. Ыбырай Алтынсарин өзінің 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» кітабына «Балғожа бидің баласына жазған хаты» деген өлеңді енгізген.
Үміт еткен көзімнің нұры, балам,
Жаныңа жәрдем берсін Құдай Тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп, сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл берсең, басыларсың.
Ата-анаң, өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең, нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!
***
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,
Кете бар кессе басың шындықпенен.
Қорек тап бейнеттен де, Тәңірің жәрдем,
Телмірме бір адамға мұндықпенен.
Адамға бір өзіңдей көзің сүзбе,
Бір әділ, қазынасы кең патшаңды ізде.
Қорексіз еш пендесін қалдырмайды,
Жаратқан бір Тәңіріңнен күдер үзбе.
Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға,
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай,
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.
Мақтанба сұлумын деп ажарыңа,
Ажарсыз адамдарды ал назарыңа.
Зылиха, Жүсіппенен сұлу өткен,
Тұрмаған ажар ара ажалына.
Жүйрікте болмайды көрік сыналмаған…
Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған…
Меңзеген асқар тауға есіл көңіл,
Дүниеде еш нәрседен тына алмаған.
Арық мал жан жолатпас бір жалданса,
Пенде ойлар кемімен деп бір малданса.
Қадамы әзіз ердің ұзамайды,
Жігітке бақыт шіркін сырт айналса.
Ағайын жат болады алыс болса,
Болады жат та жақын, таныс болса.
Достарың, дұшпан түгіл, табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.
Асылы залымдардың лайланды,
Дүниені, маған десең, шыр айналды.
Ит үрер жақсыға да, жаманға да,
Қылмағы бірақ залал Құдайдан-ды.
керемет
Kuwti
Кушти, керемет
Оте тамаша
Оте керемет олен
Тамаша
Өте жақсы
Рахмет тамаша
terbaik
отекеремет
Жақсы мəнді керемет)))
Маған қатты ұнады
Ы.Алтынсариннин өлендері өте тамаша маған катты ұнады
Күшті
өте тамаша керемет
Мағынасына карап тез есыне кыреды
Өте жақсы
Ыбырай Алтынсаринның өлендері жүрекке батады
Адамның ойына бірден сақталады екен қатты ұнады
Оте асерли олен
ӨТЕ КЕРЕМЕТ
Мен мына өлеңді жаттап орын алмадым, бірақ өлең маған қатты ұнады жақсы өлеңдер екен
өте керемет
тағыда барма керемет
Өте керемет өлең МАШШАЛАХ
БУЛ ЫБЫРАЙДЫН ЕМЕС БАЛКОЖА БИДІН ОЛЕНИ НЕЯГЫП КУЫП ЖАТСЫНДАР ААА?????
ӨТЕ КЕРЕМЕТ
Оте керемет
Маған қатты ұнады өте əсерлі
тамаша күшті əдемі болды.Маған ұнады.
Я бұл өлең Ыбырайдың олені емес Балғожаныкі
күшті жазған
Керемет айтылған өлең
Өте күшті мәнді ,керемет,
Кезінде ата бабамыз қандай шешен болған