Өлең, жыр, ақындар

Жеңешем

  • 03.12.2015
  • 0
  • 0
  • 4058
Жеңешем елден тұңгыш келген,
Тұңғыш топтың әскері.
Топты жарған, ұлы майдан,
Ұлы өндіріс іскері.
Көзде ұшқын, қолда мандат,
Жеңешеме қарашы.
Тасты жарған, тасқын қайрат,
Ұлы еңбектің - анасы.
Кірді залға, қызыл нұрға,
Құшақтасты, бөленді.
Музыкалар - "Интернационал",
Күйін ойнап жөнелді.
Залдың іші толған кісі,
Шымырлап теңіз қайнаған.
Жаны жарқын, көрсең түсі,
Күш-жігерін қайраған.
Құттықтауға топты жарып,
Шықты менің жеңешем.
Кімнен кейін,
Кімнен кем,
"Аты әйел ғой" демесең...
Қасқияды қаршығадай,
Құс алатын қиядан.
Қырағы көз, қарыс маңдай,
Түлеп ұшқан ұядан.
Түйдектеген өткір сөзі,
Асып түсіп өрлеген.
Гүлдей жайнап қызыл жүзі,
Мандайы шып-шып терлеген.
Өнімді табыс, үлгілі іспен,
Дайындалған съезге,
Күшпен тапқан іс жемісін.
Айтып берді съезде.
Мал баласын баласыңдай,
Мәпелеген өсірген.
Емірене түсіп анасындай,
Еңбектің сүтін ішірген.
Қиналып, қысылып жүрседағы,
Малдьщ басын сақтаған.
Ауыр бейнет көрседағы,
Партия сенімін ақтаған.
Сондығынан жеміс шаққан,
Жеңешемнің ісінен.
Қиындықты жеңіп шыққан,
Кайтпас қайсар күшімен,
Адал еңбек арқасьнда,
Жарқыраған маңдайы.
Тап жауының тартысында,
Тап жолынан танбайды.
Ауыл, аудан, облыстан,
Бәйгені алған жеңешем.
Ұлы майдан, құрылыстан,
Неге қалсын жеңешем!
Міне, бүгін сыйлық алды,
Съездің биік мінбесінен.
Өшпестей боп есте қалды,
Өлкемнің үздік жүлдесімен.
Асыл киім, алтын сағат,
Жеңешем алды патефон.
Алғысын айтып қат-кабат,
"Жұлдызым туды - деді - оң!"
Тұңғыш өкіл орталыққа,
Кетті жүріп жеңешем.
Көргендерін орталықтан,
Келгеннен кейін кеңесем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиырма тоғыз

  • 0
  • 0

Августің жиырма тоғызы естен кетпес,
Сол күні төккен жасым мәңгі кетпес.
Бұлбұлым бақшадағы түсті торға,
Көзімнен ғайып болды қолым жетпес.

Толық

Жайма құшақ, қара жер

  • 0
  • 0

Жайма құшақ, қара жер,
Мен кірмеймін қойныңа.
Еркіммен барар ойым жоқ,
Салмасаң арқан мойныма!..

Толық

Егістегі екпінді маржан

  • 0
  • 0

Біздің Маржан тұяғы болат,
Тұлпар мінді ойнатып.
Белді буып шықты егіске,
Еңбек күшін қайнатып.

Толық

Қарап көріңіз