Қайтала – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қайтала» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1362
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Мен өзіңе асығып келемін,
Ойда өрнек өлеңім,
Келбетіңе бас ұрып келемін.
Көңіл зулап,
Жүрек тулап,
Тау суындай тасынып келемін.
Жетсем деймін,
Тек сен деймін,
Бұл өмірде өзіңсің керегім,
Саған ғана сенемін.

Қайырмасы:
Қайтала, қайтала
Сиқырлы кездерді.
Қайтала, қайтала
Сүйкімді сөздерді.
Қайтала, қайтала,
Қайтала!

Айдындағы аққудай мүсіндім,
Алғаш ептеп қысылдың,
Жағдайыңды мен де тез түсіндім.
Келе-келе,
Ерік бере,
Ақ білекті ақырын ұсындың.
Діріл қағып,
Күлім қағып,
Қуатымен махаббат мысыңның
Тұзағыңа түсірдің.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері