Өлең, жыр, ақындар

Армандаймын

  • 28.07.2019
  • 0
  • 1
  • 2569
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Кетпей қойды көптен бері,
Елесің көз алдымда.
Қызғалдақтай бөктердегі
Алауланып жандың ба?
Мені текке кінәлама,
Пәк едім ғой алдыңда.
Мазаладың,
Жазаладың,
Келмей қалдың да.
Келем дедің,
Келмей қалдың,
Айнып қалдың ба?

Қайырмасы:
Армандаймын,
Жалғыз қалғандаймын,
Ұғасың ба мені, жаным-ау?
Сен жаныма қайта келші,
Айта берші
Ғашық әнін-ау.

Жаз күніндей таңы қысқа
Уақыт тез өтер ме?
Махаббаттың әні қысқа
Деп ойлама бекерге.
Салған әнім сағыныштан
Жүрегіңе жетер ме?
Қинасаң да,
Қимасаң да,
Сенің еркіңде.
Қала берем,
Жана берем
Ғашық өртінде.

Қайырмасы.



Пікірлер (1)

Ханшайым

Арман

Пікір қалдырыңыз

Жалбарыну

  • 0
  • 0

О, Алла!
Алла, Алла!
Ғұмырымды жалға,
Жылжыт мені алға,

Толық

Жұлдыз

  • 0
  • 0

Алматының қақ төрінде
Мейрамхана орналасқан.
«Жұлдыз» деген ат берілген,
Ғимарат жоқ одан асқан.

Толық

Тойлайық

  • 0
  • 0

Сен келгенде өмірге,
Бақ жанды деп ойладық.
Күй күмбірлеп көңілде,
Думандатып тойладық.

Толық