Түркiстан – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Түркiстан» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 630
Төрт қақпалы Түркiстан!
Айдарым да өзiңсiң,
Айбарым да өзiңсiң!
Алынбайтын қамалдай,
Қаратаудай төзiмсiң...
Аспан астын толтырған
Алатаудай сөзiмсiң!
Құзда тұрған құлжадай
Айқайласам ұран сап! –
Шалғайыма жабысқан
Жаулар бiткен безiнсiн.
Төрт қақпалы Түркiстан!
Қаншама рет өшкенбiз,
Қаншама рет өскенбiз
Шатыр тiгiп айнала,
Шатыр жығып көшкенбiз!
Бiрақ бiздер өлмедiк! –
Тайқазанның сендегi
Емшектерiн иiтiп
Емiп бiздер өскенбiз.
Не көрмедiк, Түркiстан!
Арысымды құл қылып,
Намысымды күл қылып
Шаштан алып сүйреген,
Бұлт болып түйiлген
Жауың шығып бүйiрден
Алты құлаш найзасын
Кiндiгiмнен түйреген.
Зеңбiректер гүрсiлдеп
Темiр добын лақтырып
Қамыр қылып илеген.
Түркiстанның сол кезде
Опырылып жотасы,
Қабырғасы күйреген.
Әруақты көк күмбез
Бiрақ басын имеген!..
Сол дұшпанның бәрiмен
Көк бөрiдей жұлысқан
Қасиеттi Түркiстан!
Қай-қай заман кезде де
Мойнымдағы тұмардай
Саңқылдаған қырандай,
Жарқылдаған ұрандай,
Қасиеттi құрандай,
Қанаттары түңлiктей,
Тегеурiнi темiрдей,
Тепкiсi зор бүркiттей;
Қараған жан түңiлген
Атылатын жиырылып
Жолбарыстай бүгiлген;
Қайрат жиып қарсы алған,
Арыстандай алшайған
Төрт қақпалы Түркiстан
Мұңын айтқан азаптың,
Жырын айтқан Азаттың
Рухысың Қазақтың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түркiстан өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түркiстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түркiстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түркiстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері