Бояулар құпиясы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бояулар құпиясы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 872
Даңқы әлем шарлаған
Құндылық боп, қымбат боп, –
Ойды, көздi арбаған
Тұр мұнара жұмақ боп.
Ғасырларда жаңғырып
Жатқан түбi әрiде –
Құпия ғой мәңгiлiк
Алыптардың бәрi де!
Иманымның қорғаны
Қарап оған тоярмын.
...Таба алмай жүр ондағы
Құпиясын бояудың.
Саналылар – ояулар
Қарайды оған құнығып.
Күн түссе оған
Бояулар
Кетедi ғой құбылып.
Жарқырайды оттай бiр
Сөздерi де Құранның.
...Құпиясын таппай жүр
Бояудағы құрамның.
Сөзiн айтпа өктемнiң,
Сөз дегенiң елес қой...
Ол бояулар
Шөптердiң
Нiлi ғана емес қой.
Аппақ менiң тiлегiм!
Жалғаны жоқ сөзiмнiң:
Құйған оған –
Бiлемiн! –
Бояуларын сезiмнiң.
Бағынбайтын,
Көнбейтiн
Жарлығына жалғанның –
Құйған оған –
Өлмейтiн! –
Бояуларын арманның.
Сiңiп қалған заманға
Бояуы бар жырдың да,
Бояулары бар онда
Қуаныштың, мұңның да!
Рухымдай қамал сол
Жаралғандай дастаннан, –
Көк бояуды
Сонан соң
Құйып алған Аспаннан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бояулар құпиясы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бояулар құпиясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бояулар құпиясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бояулар құпиясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері