Күздегі алаң-көңіл

Бұл бетте «Күздегі алаң-көңіл» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 575
Сарыала жапырақтардың
Жыртып-жыртып лақтырған
Сарыала қағаздардай боп
Бұрқырап ұшуын-ай.
Әлдебiр
Мұң мен шерлердiң
Талма тұсымнан
Қысқаштай тiстеп
Жiбермей қысуын-ай.
Қалада жүрсем де
Далада қалғандай
Көңiлiм ырың-жырың.
Мына дүние
Қасқыр тартып кеткендей
Жырым-жырым.
Ту сыртымнан аңдып
Жымып жүгiрген
Тұла бойы жүн-жүн
Iбiлiс пен Дүлей жүргендей.
Әйтеуiр айналамда
Көздерi алақтаған
Қаптаған Үрей жүргендей.
Апыр-ау,
Ұйтқыған мына желдiң
Жағымнан
Тартып-тартып жiберiп
Ұрып қашатыны несi?
Алматымның үстiн
Қайта-қайта кеп
Жалба-жұлба
Бұлт басатыны несi?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күздегі алаң-көңіл өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күздегі алаң-көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күздегі алаң-көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күздегі алаң-көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері