Шуақ

Бұл бетте «Шуақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 641
Мынау тiрлiк азап боп
Бiтпей қойды жарамыз...
Қатып қалды қасат боп
Iшiмдегi қара мұз.
Қабағыма сыз қонып,
Қатал күнге кезiктiм...
Отыр едiм мұз болып
Жып-жылы сөз есiттiм.
Мұздай ойлар сүңгiдей
Кетiп едi шыдатпай.
Сол жылы сөз
Сiңдi кеп
Тұла бойға шуақтай.
Сол бiр сөздiң – қараңыз! –
Жылытқан соң шуағы, –
Iшiмдегi қара мұз
Күтiр-күтiр сынады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шуақ өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шуақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шуақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шуақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері