Көп қатарлы үйлер

Бұл бетте «Көп қатарлы үйлер» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 486
Ақындарды шабыт керiп тасқанда
Теңедi оны алып ұлы дастанға...
Ал мен үшiн омарталар сияқты
Биiк үйлер – тiк шаншылған аспанға.
Омартаңды қолдан келсе қорғаңдар.
Омартаңды қолдан келсе толғаңдар.
Өйткенi онда балдан тәттi үмiт бар,
Өйткенi онда балдан тәттi арман бар.
Көп қой қазiр «тәуекелiм», «Тобам» да.
Алма оны үсiтiп сен боранға...
Қорға оны, қорға оны, қорға сен
Балдан тәттi тiршiлiк бар оларда.
Жүрсем де мен мың қуанып, мың күлiп,
Тұрам кiлең жүрегiмдi тiлдiрiп...
Қорқам, қорқам балға құмар Аю кеп
Омартамды кете ме деп бүлдiрiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп қатарлы үйлер өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көп қатарлы үйлер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көп қатарлы үйлер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп қатарлы үйлер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері