Іріткі – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Іріткі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 648
Жаза алмаймын ешқашан бүлiктi жыр.
Жаза алмаймын ешқашан қылықты жыр...
Жамбасына алам деп жаулар менен
Iштен шалып күн-түнi iрiткi жүр.
Iрiткi жүр, құдай-ау, қандасым бұл!
(Жүрегiме қадалған қорғасын бұл!)
Ылаңынан сол иттiң
Кейбiр жандар
Жағаласып, алысып, жауласып жүр.
Жүрер кезде тұтасып, табысып-ай,
Неге жатыр сол жандар алысып-ай?!
Сөз сөйлеймiз сөз бермей жарысып-ай!
Бейтаныс боп барады танысым-ай...
...Адам менен адамның алысын-ай.
Соны қоштап ерiп жүр түсiнбеген...
(Дәрменсiзбiн осынша күшiмменен).
Байқа! Байқа!
Ол саған – байқамасың! –
Суыртады шегенi тiсiңменен.
Өмiр сүрдiк ғұмыры зар, қайғымен...
Жинап алу керек ғой шалғайын ел!
Сол бiр сұмнан сақ бол сен!
Сақ болмасаң
Қаққызады шегенi маңдайыңмен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іріткі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Іріткі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іріткі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іріткі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар