Бұрмалаған ойды сіз қандайсыз?

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Қазақшылық,қазақшылық дейсіз сіз,
Қазақшылықтан қашып жатқан кім бар дейсіз?
Жандандырсын қазағымның салт-дәстүрін,
Бұрмалаған ойды сіз қандайсыз?

Тақия киген қазағымның қыздары,
Әйелдердің желбіреген жаулығы.
Хиджабпенен арасы жер мен көк,
Шатастырма қазақшылық деп сен мұны.

Қызды аялап, қадірлеген халықпыз,
Қызды сыйлап, еркелеткен біз ұлтпыз.
Төрге отырса бай болады төркіні деп,
Құрметтеген ағалар мен інілерге біз құтпыз.

Ана, апа, әже аталып жатса да,
Төркінінде қыз келіпті деп жатқаны қуана.
Ана мен қызды қорлап жатқаны жат емес пе қазаққа?
Бұзғым келмейді дәстүрін ата - баба,
Білім мен пенсия жасы евростандарт болып жатқанда,
Неге біз түсуіміз керек сегізінші ғасырға?
Тірідей қызды көму болған емес тарихта,
Қазағымның құймаңдар қайдағыны санасына.

Біздер өстік советтік заманда,
Имандылық тұнып тұр бойымызда.
Ата- ана тәрбие дұрыс берсе,
Болмай ма иманды бала да.

Баласы жақсы болса қуанар ана да,
Қыз- ұл деп бөлмейік қашанда.
Қызым қорланып жатқанда,
Жатамын мен қалай азапта,
Қыз деген ана,сен оны ешқашан ұмытпа.
Жол берме қазағым өзгелер ұрпағыңды улап,
ойрандап жатқанға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұрмалаған ойды сіз қандайсыз? өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Бұрмалаған ойды сіз қандайсыз? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бұрмалаған ойды сіз қандайсыз? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұрмалаған ойды сіз қандайсыз? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.