Төкен Жұмағұлов – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Төкен Жұмағұлов» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 913
Жатыр бүгін қуанып бар тұсымыз.
Өзіңізге көп бүгін алғысымыз.
Ел мен жұртың қаумалап тойлап жатқан
Құтты болсын, ағажан, Алпысыңыз!
Қиындықты қақ жарып кешкен ағам.
Маңғыстаудың желіндей ескен ағам.
Жал- құмдардың ішінде туғанменен
Толқындардың жалында өскен ағам.
Тұла бойы қайрат- күш қайнап тұрған
Жігері бар намысын қайрап түрған
Бір сиқыр бар сөзінде сайрап тұрған,
Бір сиқыр бар көзінде ойнап тұрған.
Жаралған ол күресіп, тартысуға,
Жаралған ол шайқасып, шарпысуға.
Отыр ағам, мінеки, алдарыңда
Отыздағы жігіттей Алпысында.
Ақтарылып бүгін ол шешіледі.
Аспандатып көңілін өсіреді.
Ағысындай Жайықтың есіледі
Маңғыстаудың желіндей көсіледі.
Жаралғандай жансың ғой жарасымға.
Бауыр болған бар жақсы, бар асылға.
Азаматтар өзіңдей сирек- сирек
Маңғыстау мен Атырау арасында,
Тіпті мынау қазақтың даласында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төкен Жұмағұлов өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Төкен Жұмағұлов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төкен Жұмағұлов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төкен Жұмағұлов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері