Әулекі
Бұл бетте «Әулекі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сыймайсың аспан асты, жер бетiне.
Даярсың түкiруге ел бетiне.
Өңештi кепкен көндей жыртатұғын
Тап болдық сен сияқты әулекiге.
Жимайсың, –
Бiлем ендi! –
Айылыңды.
Бiлмейсiң кiнә менен айыбыңды.
Қарақан – қара бақыр! – басың үшiн
Талайсың Парасат пен Пайымымды.
Бiлмейсiң мейiрiм мен қайырымды.
(Үмiтiм сенен ендi майырылды).
Танымай жүр екенсiң Жайыныңды! –
Бiр түртiп жоқ қылатын қайығыңды.
Бiр болып сұрқиямен зәлiмменен
Кезiң бұл сөзге ие боп «дәуiрлеген».
Жабысқан балағына Арыстардың
Тұрпатың құрысыншы шәуiлдеген.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі