Шағын алқапта
Бұл бетте «Шағын алқапта» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Саздарына үндердiң
Құлақ түр де,
Қара бiр:
Ерiнiнен гүлдердiң
Шырын сорып ара жүр.
Қанша күн мен түн кешiп
Осы жердi тапқандай, –
Аппақ қайың гүл кешiп
Жүрiп келе жатқандай.
Қуаныштан жанарға
Кетедi ғой жас толып.
Тұрасың ғой
Дем алған
Ауаға да мас болып.
Көтерiлген төбеге
Күннiң нұры қызады.
Кесте төгiп әуеге
Инелiктер ұшады.
Көңiл-шiркiн тасиды-ай
Жарылуға шақ қалып...
Тұрған кезде осылай
Жан-жүрегiң шаттанып, –
Түсiрдi ғой қапаға
Бар әсердi талқандап, –
Қара қоңыз жапаға
Бара жатты тоңқаңдап.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі