Тұсау кесер жыры – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Тұсау кесер жыры» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1674
Қаз-қаз тұрған сәбидi
Рухымен бабаның
Бата берiп жебеп ал!
Сонан кейiн апарып
Бесiгi деп түрiктiң
Алтай тауға бөлеп ал!
Бөлеп ал да, шешiп ал!
Жөңкiп көшкен көктегi
Қара менен ақ бұлттың
Түбiтiнен иiрiп
Ала тұсау есiп ал!
Жамандықтың бетi аулақ!
Сондадағы адамға
Жүру үшiн күш керек.
Туған жердей қуатты
Ештеңе жоқ өмiрде! –
Сарыарқаға жетi аунат.
Бұл тiршiлiк толқын ғой.
Сол толқыннан өткенде
Берсiншi деп жолын бiр, –
Атыраудың ақ жалды
Толқынына шомылдыр.
Тұсау кесер алдында
Керегiңдi сайлап ал:
Бiр пышағын қайшының
Қаратауға қайрап ал;
Бiр пышағын қайшының
Алатауға қайрап ал!
Қандай қиын белде де,
Қандай қиын жерде де
Түспесiншi қабағың.
Туған жердiң төсiнде.
Жығылмастан, сүрiнбей
Алшайып жүр, қарағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұсау кесер жыры өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тұсау кесер жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұсау кесер жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұсау кесер жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар