Қуанғанда – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қуанғанда» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 793
Төбем –
Қуанғанда! – көкке жеттi.
Тамырым –
Қуанғанда! –
Жетi қат жердiң астына кеттi.
Аспаннан
Бiр бұлт алдым да
Төсек қып шалқайдым.
Алатаудан
Бiр жартасты алдым да
Жастық қып жантайдым.
Неткен қуаныш!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері