Маған ендi не дейсiң?!
Бұл бетте «Маған ендi не дейсiң?!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жерге қолымды салсам
Байлық ұстадым.
Көкке қолымды созсам
Айды ұстадым.
Адамдары құшақтаса
Балаға айналдым.
Сөйлессе данаға айналдым.
Толқын кеп қақса
Азан да қазан болдым.
Қайтадан көктедiм.
Дауыл кеп соқса
Күлтопырақ, тозаң болдым.
Жоғалып кетпедiм.
Кетiлсем,
Жетiлiп жаттым.
Тiрiдей молаға көмдi.
Елiмдi ойлап
Моламда да
Өкiрiп жаттым!
Маған ендi не дейсiң?!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі