Сөздiң атасы өлген күн – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сөздiң атасы өлген күн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 709
Бүгiн тал түсте
Шындықты айта алмаған
Сөздiң
Атасы өлдi.
Елдiң
Батасы өлдi.
Сөздiң киесi –
Сөздiң шырқыраған –
Жанындай болып
Ұшып кеттi.
Сол, сол-ақ екен
Өтiрiк пен өсектер
Күмпiлдеп
Iсiп-кептi.
Жалалар –
Қарғадай қаптап –
Жалпылдап ұшып,
Қарқылдап жатты.
Дарақы сөздер –
Жазықсыз жандарды –
Арпылдап қапты.
Жансыз сөздер
Желдей естi.
Арсыз сөздер
Сеңдей көштi.
Қадiр-қасиет
Безiп кеттi.
Елiмдi
Жыландай сумаңдаған
Зымиян сөздер
Кезiп кеттi.
Сөздiң атасы өлдi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөздiң атасы өлген күн өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сөздiң атасы өлген күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөздiң атасы өлген күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөздiң атасы өлген күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері