Сөздiң атасы өлген күн
Бұл бетте «Сөздiң атасы өлген күн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бүгiн тал түсте
Шындықты айта алмаған
Сөздiң
Атасы өлдi.
Елдiң
Батасы өлдi.
Сөздiң киесi –
Сөздiң шырқыраған –
Жанындай болып
Ұшып кеттi.
Сол, сол-ақ екен
Өтiрiк пен өсектер
Күмпiлдеп
Iсiп-кептi.
Жалалар –
Қарғадай қаптап –
Жалпылдап ұшып,
Қарқылдап жатты.
Дарақы сөздер –
Жазықсыз жандарды –
Арпылдап қапты.
Жансыз сөздер
Желдей естi.
Арсыз сөздер
Сеңдей көштi.
Қадiр-қасиет
Безiп кеттi.
Елiмдi
Жыландай сумаңдаған
Зымиян сөздер
Кезiп кеттi.
Сөздiң атасы өлдi!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі