Бостандыққа жол
Бұл бетте «Бостандыққа жол» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғасырлардың түбiнен
Бостандығымды iздеп шықтым.
Садағымды алдым,
Найзамды ұштадым.
Жолға шығарда
Қотыр тай ұстадым.
Қолым тигенде ол –
Құнан,
Жүген салғанда –
Дөнен,
Ер салғанда –
Бестi болды.
Екi аяқтыдан естi болды.
Асу-асу тауларда
Темiр таяқ алдым.
Темiр етiк кидiм.
Аязға тоңдым.
Аптапқа күйдiм.
Жетi басты
Жалмауызға жолықтым.
Құлдай қиналдым,
Күндей торықтым.
От дариясын кештiм.
Шыңдардың үстiмен
Бұлт боп көштiм.
Арсы-гүрсi шулаған
Теңiздерден өттiм.
Қанымды төктiм,
Қабырғамды сөктiм.
Жол ұзақ болды, –
Артым құз,
Алдым мұзарт болды.
Замана суығы
Жүрегiмдi сығып,
Жанымды қарыды.
Астымдағы тұлпарым
Тулақтай арыды.
Темiр етiгiм
Теңгедей болды.
Темiр таяғым
Тебендей болды.
Мен оған зорға жеттiм.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі