Бұл бетте «Ой, тоба-ай!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
14.06.2022
0
0
947
Таулар
Түйелердей тулап;
Ормандар
Жесiрлердей шулап;
Қара жер
Селебе тiлген
Қарындай қақ айырылып;
Дүние
Асты үстiне шығып,
Үстi астына түскен
Замандар болған...
Сонан кейiн де
Тәубаға келмеген
Адамдар болған.
Ой, тоба-ай!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі