Кешегі күн қасіреті – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Кешегі күн қасіреті» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2022
  • 0
  • 0
  • 986
Өзгенi айтсам
Қол жетпейтiн
Аспан мен таудай еттiм.
Өзiмдi айтсам
Өңменiнен итерiп,
Өзегiнен теуiп
Жаудай еттiм.
«Ағамыз» ақырса
Бақшадағы
Шоқпыт қарақшыдай
Жалбаң қақтым.
Шақырса
Боқтық көрген қарғадай
Қалбаң қақтым.
Арқамнан қақса
Туысымды ұстап бердiм.
Кеудеме
Темiрiн тақса
Қойнына қыз сап бердiм.
Жасыл жайлауым
Сортаң мен сораң болды.
Қазғаным –
Өзiмнiң көрiм,
Көмгенiм –
Өзiмнiң молам болды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешегі күн қасіреті өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Кешегі күн қасіреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешегі күн қасіреті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешегі күн қасіреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері