Қауіпті жан
Бұл бетте «Қауіпті жан» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қай заманда да
Шындықты айтқан адам
Қауiптi ғой.
(Қай заманда да
Шындықты айтқан адаммен
Жауықты ғой).
Ондай жанның
Жағын айырып, –
Көмейiне! –
Тас сап жiберген.
Ондай жанды –
Бұрқылдап! –
Қайнап жатқан қазанға
Тастап жiберген.
Бұзылған құдыққа салып,
Талтайып тұрып, –
Басына! –
Шаптырған.
Аяқ, қолын буып
Ордалы жылан жатқан –
Шұңқырға! –
Лақтырған.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі