Қыл көпір – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қыл көпір» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1038
О дүниеге барғанда
Қыл көпiрден өтесiң.
Өтсең – өтесiң!
Өтпесең –
Тозақтың отына түсiп
Күл болып кетесiң.
Көкке ұшқан жаның
Аспан астына симай
Шырқырап тұрады.
Қабiрiңнiң топырағы
бұрқырап тұрады.
Бiрақ мен
Қыл көпiрден қорықпаймын.
Солай болады екен деп
Торықпаймын.
Алланың
Жазғанын көрем.
Не көрсетсе де көнем.
Өйткенi – тiрлiкте де! –
Қыл көпiрдiң
Үстiнде жүрмiн.
Қыл көпiрден
Талай рет құлап
Қып-қызыл отқа түскем.
Қуырылып
Шоққа түскем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыл көпір өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қыл көпір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыл көпір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыл көпір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері