Менмен – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Менмен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 781
Мен, мен деген дауысы
Дүниенi жаңғыртып
Алып барады.
Миымды – жаңғақтай! –
Шағып барады.
Апыр-ай, қайтсем екен?!
Зәмзәм суын
Алтын көзеге
Құйып әкелсем бе екен?!
Асыл тастарды
Алтын табаққа салып
Үйiп әкелсем бе екен?!
Одан басқа – ешкiм! –
Кiтап жазбағандай
Шалқайып тұр ғой.
Бiр тұтам безi
Iсiп кеткендей
Талтайып тұр ғой...
Есiмiн –
Риза болсын деп! –
Алатаудың алып үстiне
Жарқыратып
Жазып қойсам ба екен?!
Құмырсқадай боп
Қалай жүрем
Бiр күнi басып кетер –
Қасынан! –
Қашық қонсам ба екен?!
Бәрiбiр
Тым алыс кете алмаспын
(Құмырсқамын ғой).
Бәрiбiр
Риза ете алмаспын.
(Тырысқаным ғой).
Осы кiсi –
Не айтса да! –
Көнемiз ғой.
Өйткенi бұл кiсi –
Қара жердi! –
Мүйiзiмен ұстап тұрған
Көк өгiз ғой!
Байқайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менмен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Менмен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менмен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менмен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері