Қазақтың тағдыры – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қазақтың тағдыры» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 930
Демесек те:
Қаралы тiзiмде тұр,
Қазақтың тағдыры
Қылпылдап тұрған
Пышақтың жүзiнде тұр.
Оның тағдыры –
Маңдайына жазылған
Жөргегiнде:
Ұшпадай биiк
Құздардың ернеуiнде.
Төбесiнде
Жай оғы жарқылдап тұр.
Қазақтың тағдыры
Аласұрған теңiзде
Қайықтай қалтылдап тұр.
Тағы да – қарашы! –
Дүние бүлiнiп тұр.
Қазақтың тағдыры –
Бiр тал шашқа
Iлiнiп тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері